Аққыстаулықтар Наурыз тойын қалай тойлап жатыр?

Исатай ауданында Наурыз тойы басталды. Ұлыстың Ұлы күні ауданға қарасты барлық мекеме ұжымдары өнер көрсетіп, салт-дәстүр салтанат құрды. 

 Дүбірлі думанды сөз сөйлеп ашқан аудан әкімі тұрғындарды құттықтап, мерекенің маңызына тоқталды.

 

- Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі. Шуақты көктем мерекесін бүкіл ел болып асыға күтеміз. Біз тағдырымызбен сабақтас әз-Наурыздан өткен ғасырда еріксіз ажырап қалдық. Ал бүгін міне, егемендіктің елең-алаңында ежелгі салтымызбен қайта қауыштық,- деді ол.

 

Мейрамға орай мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. И.Тайманұлы ескерткіші алаңында, Теміржол вокзалы маңында, аудандық аурухана аумағында, аудандық "Жалын" мәдениет үйінің қарсы алдында және Балғымбаев кең орнында сонымен қатар Орталық алаң мен Өркен ауылында, аудандық дербес бөлімдер орналасқан ғимарат шарбағында киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылып, аудан өнерпаздары мен спортшылар өнер көрсетті.

 

Сағыныш Сайлаубайқызы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521