bannerqaz

Әлия "Дизайнер ана" атанды

Әлеуметтік желінің әлеуеті артқан заманда ғаламтор арқылы біраз жұмыс тындыра аласыз.

Тіпті сайыстардың да көпшілігі осы желілерде жарияланып, жеңімпаздар да сол жерден дауыс жинау арқылы анықталып жатады.

Жақында ғана «Асыл ана Атырау» инстаграм парақшасында өткен байқауға біздің ауданымыздан да бірқатар аналар қатысып, бақтарын сынаған болатын. Олардың ішінде қамысқалалық шебер Әлия Өмірзақова да бар.

- Облыс бойынша барлығы 162 ана қатысып, солардың арасынан 20 номинация тағайындалды. Бақ шапты ма деймін, солардың ішінде менің де атым аталып "Дизайнер ана" дипломын иеленіп, ойламаған жерден олжалы болып, қуанып отырмын. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Спикер Құралай Нұрқаділова ханымның айтуынша, бұған дейін аталған байқау Орал, Ақтөбе қалаларында өткен екен. Осы сайыста маған қолдау білдірген отбасым мен барлық тілектес болған жандарға алғысым шексіз, - дейді Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, бес баланың анасы, ісмер Әлия Өмірзақова.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz