«Қамысқала Су Арнасына» мемлекеттік мүлік заңсыз берілген

Исатай аудандық прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз беру фактісін анықтады.

Бұл туралы баяндаған ATpress.kz облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасайды.

Аққыстау ауылдық округі әкімінің өкімімен осы елді мекендегі су шаруашылығы ғимарат құрылыстары сенімгерлікпен басқару үшін «Қамысқала Су Арнасы» ЖШС-на тендерсіз берілген.

Алайда, ҚР Ұлттық экономика министрінің «Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы ғимарат құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру туралы» бұйрығына сәйкес, аталған мүлік сенімгерлік басқаруға тендер негізінде берілуі тиіс еді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылық жойылып, бағалау құны 237,2 млн. теңге тұратын мүлік мемлекетке қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521