bannerqaz

Ашық есік күні өтеді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы алымшы, салушыларды, оқушылар мен студенттерді «БЖЗҚ - барлық салымшыларға қолжетімді» атты ашық есік күніне шақырады.

«БЖЗҚ» АҚ-ның Атырау облыстық филиалы, Аққыстау қызмет көрсету орталығы 20 қарашада өтетін «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өтетінін хабарлайды. Аққыстау қызмет көрсету орталығы операциялық бөлімінің бастығы Т.Рахметова бұған салымшылармен қатар алғаш рет жоғары сынып оқушылары мен колледждердің бірінші, екінші курс студенттері қатысатынын айтады.

– Шарада қор қызметкерлері қатысушыларды Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жұмысымен таныстырып, оған қалай қатысуға болатынын түсіндіреді, қор қызметтеріне жүгіну , қордың салымшылар және алушылармен байланыс жасау тәсілдерімен таныстырады, – дейді ол.

Ашық есік күніне келушілер қор қызметтерін www.enpf.kz сайты, ENPF ұялы қосымшасы, telegram-бот арқылы қалай қолдануға болатынын біле алады. Шараға қатысушы мектеп оқушылары мен студенттер арасында kahoot-викторина ұйымдастырылып, белсенділік танытқандарға алғыс хат табысталмақ.

-Барлық ниет білдірушілер мен БАҚ өкілдерін 20 қараша күні сағат 10:00 мен 17:00 аралығында Аққыстау селосы, Егеменді Қазақстан көшесі 14 үйдегі мекен-жайда күтеміз, – дейді Т.Рахметова.

С.БЕРІКБАЙ.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz