bannerqaz

Қасиетіңнен айналдым, Қазақ елі!

Жалын» мәдениет үйінде 1 наурыз күні – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым» атты салтанатты шара өтті. Оған «Нұр Отан» партиясының, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, депутаттар, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.

Шарада ең әуелі аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Әбежан құттықтау сөз сөйледі. - Өздеріңіз білесіздер, бұдан екі жыл бұрын Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында еліміздегі түрлі этнос өкілдері бір-біріне және қазақ халқына алғыс айту тақырыбын қозғап, ұсыныс жасаған болатын. Содан бері 1 наурыз –жалпыхалықтық Алғыс айту күні болып аталып өтіп келеді. Алғыс айту күні – ұлттық күнтізбедегі Еңбек күні, Отбасы күні сияқты өзге де мерекелердің қатарындағы жаңа дата. Бұл мереке қазіргі уақытта аса қажет, біздің қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түседі.

Біздің бабаларымыз халықтың басына түскен ауыр сынақтарға төтеп беретін күш-қуат дарытқан туған жерге және тағдырына риза сезімде болған. Олар әскери шапқыншылық жылдарында, қуаңшылық немесе жұт кезінде көмекке келген жақындарына, туыстары мен көршілеріне әрдайым алғыс айтқан. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және жер аудару сияқты қайғы-қасірет жылдары миллиондаған адам бір-біріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылық танытты. Бұл барынан айырылған адамдарға тіршілік жасауға, үмітін қайта жалғауға, өмірді қайта бастауға күш берді.

Қуғын-сүргін жылдарының куәгерлері мен олардың ұрпақтары Қазақ елінің қамқорлығын қазір айрықша жылылықпен еске алады. Олар кезінде өздеріне де оңай болмағанына қарамастан, қазақтардың қайырымдылығы үшін, сол кездегі тыйымдарға қарамастан, батыл әрі риясыз көмегі үшін алғыс айтады. Қазақтар да бауырластарға туған өлкеге деген сүйіспеншілігі үшін, жеріміздің түрленуіне қос-қан үлесі үшін, ұлттық мәдениетке, тілге және дәстүрге деген құрметтері үшін алғыс білдіреді. Сондықтан шын жүректен шыққан алғысымызды бір-бірімізге айтып жүрейік,-деді ол.

Шарада «Аққайың» биші қыздар тобы «Шашу», «Балбырауын» билерін мың бұрала билесе, «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері ««Менің Қазақстаным» әнін орындады, «Балдәурен» мектеп оқушыларынан құралған топ білім нәрін сепкен ұстаздарына алғыс сезімін білдірсе, «Сарын» жастар тобы «Мен, сен, бәріміз» әнін айтып берді. Сондай-ақ Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің домбырашылар, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының әжелер ансамбльдерінің, жеке дауыста А.Тарихов, Ә.Жұмашев, Ж.Есекей, Ұ.Меңдіғазиев және шәкірттері бірлесіп шырқаған әндері мен күйлері көрермендер көңілінен шықты. Сазды бағдарламаның соңы Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен қорытындыланды. Аяпберген САЛИХОВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz