bannerqaz

Атырау – Астрахан тас жолының құрылысы көп ұзамай басталмақ

Өткен аптада «Жалын» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің мүшесі, белгілі заңгер Сәрсенбай Еңсегенов жергілікті халықпен кездесіп, мұң-мұқтажын, өзекті мәселелерін, шешілмей жатқан түйіндерін біліп-танысты.

Бірінші кезекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде ел ішіндегі жоқ-жітік, әлеуметтік осал отбасыларды қолдау бойынша белгілеп берген жаңа әлеуметтік саясатқа байланысты түсіндірме жүргізген Сенат депутаты Атырау облысы бойынша да атқарылатын оңды істерге тоқталды. Атап айтқанда, жастарды жұмыспен қамту, жалғызілікті, әлжуаз жанұяларға жаңа форматтағы атаулы-әлеуметтік көмек тағайындау, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету, шетелдік мұнай өндіруші компаниялардың жанынан бөлінетін әлеуметтік пакеттердің көлемін арттыру, білімді жастарға гранттар тағайындау, аз еңбекақы алатын отбасылардың табысын араттыру, жас отбасыларға тұрғын-үй көмегімен көрсету мәселелерін қозғады.

Депутатқа сауал қойған аудан тұрғындары да өздерін толғандырған мәселелерді қозғады. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Құлғалиева Жайық өзенінің қазіргі жай-күйі мен азық-түлік бағасының қымбатшылығын қозғаса, Аққыстау ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожантай Сдихов Атырау-Астрахан тас жолының жайын, Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, зейнеткер Ибатолла Сәтенұлы жұмыссыздықты, тұщықұдықтың Тілек Сағынғалиев Семей ядролық полигонына қатысушыларға қатысты мәселені көтерді.

Жалпы, басқа мәселе бір жақ та, Атырау-Астарахан тас жолының мәселесі бір жақ екені белгілі. Сондықтан, нақты осы мәселеге байланысты тура ақпарат берген сенатор былтыр қаржысы бөлініп, құрылысы басталған Котяевтан бергі 60 шақырым жол құрылысының биыл да жалғасатынын, ал қалған 211 шақырым жолға Еуропалық даму банкі тиісті ақшаны бөлгенін, енді Үкімет нысан құрылысын тез арада бастау үшін «Қазақавтодор» РМК арқылы тендер жариялау ісіне кірісіп жатқанын аяндады. Сенатордың сөзінше, жуық арада тендердің алғашқы жеңімпаздары белгілі болады, сол кезде сақалды құрылыс та көп ұзамай басталады екен.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz