АТЫРАУЛЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ олардың сапында жанбайлық Амандық Болатов бар

Жуырда Тараз қаласында волейболдан жоғарғы лига 21 жасқа дейінгі қосалқы құрам ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының ХХХІІ Чемпионаты аяқталды.

 Осынау елдік сында ерекше ойын өрнегін таныта білген Атырау құрама командасы жүлделі 3-орынға ие болып, жерлестеріне қуаныш сыйлады. Мерейімізді үстеген команда құрамында ауданымыздан Х.Наубетов атындағы орта мектебінің түлегі Болатов Амандық Мейрамбекұлы да өнер көрсетті.

Жеңіс тұғырынан көрінген құрама команда мүшелері қатарынан табылған Амандық - мектеп қабырғасында оқып жүргенінде “Барыс” балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубында тәрбиеленген жас. Ол осылайша аудандық, облыстық мектеп оқушылар лигасы, мектеп оқушылары гимназиадаларына қатысып, өзінің жеңісті жолына қадам басқан болатын.

Жерлесімізді жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттіліктер тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521