bannerqaz

Ауданның 90 жылдығы қалай тойланады?

Қазанның 6-сы күні Аққыстау ауылында Исатай ауданының негізі қаланғанына 90 жыл толуына орай «Тәуелсіздікпен нұрланған өңір» атты аудан күніне арналған салтанатты шара өтеді.

Шара аясында 11.00-де аудан орталығы Аққыстау ауылындағы «Тасгран» бәйге алаңында ат бәйгесі ұйымдастырылады. Аламан бәйгеде жүйріктер 28 шақырымды айналып өтуі тиіс. Топ жарған тұлпарға жеңіл автокөлік тігіліп отыр. Ал, екінші орын иегері 1 000 000, үшінші орынға қол жеткізгені 500 000 мың теңгені олжаламақ.

Жеті шақырымдық жорға жарысының жеңімпазы 500 000 теңгеге ие болады. Сондай-ақ, екінші орынға 300 000, үшінші орынға 200 000 теңге тігулі. Бәйгеге қатысатын сәйгүліктерді тіркеу және мал дәрігерлік байқаудан өткізу қазан айының 5-і күні сағат 15.00-20.00 аралығында жүргізілетін болады. Бәйге ережесімен танысам деушілер қосымша сұрақ бойынша Исатай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2-04-01 жұмыс телефонына және ұйымдастыру алқасының төрағасына (ұялы тел. 87477426869), төрешілерге ( ұялы тел. 87011264231, 87026828970) хабарласа алады. Аудандық «Жалын» мәдениет үйінде мерейтойға арналған саланатты жиын, «Туған өлке – тұнған тарих қазынам» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Тасгран» бәйге алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Ал, орталық стадионда «Тәуелсіздікпен нұрланған өңір» атты музыкалық-театрландырылған қойылым, жергілікті өнерпаздар мен танымал өнер жұлдыздарының концерті өтеді. Дүбірлі мерекеде Өркен ауылынан салынған жаңа денешынықтыру және спорт кешені мен Аққыстау ауылынан бой көтерген халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараты ашылады деп күтілуде.

 

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz