Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш монумент ашылды

Аққыстау ауылының ардагерлер саябағында Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш монумент орнатылды.

augesc

Монументтің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов қоғамда жиі талқыланып жүрген бұл соғыстың сипатына да тоқталып өтті.

auganesk2

– «Қазіргі уақытта Ауған соғысын қандай соғыстың қатарына жатқызамыз?» деген сауалды көп естіп жүрміз. Бұл - біздің елдің азаматтарының Отан алдында берген анттарына адалдығы, - деген ол мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы бейбіт ұстанымын айрықша атап, елімізге тыныштық, ынтымақ пен бірлік тіледі. Монумент ескерткішті облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов, облыстық «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Бейімбет Нариманұлы және Ауған соғысының ардагері, бейбіт өмірде о дүниелік болған Жұмат Абуовтің жұбайы Қалима Сәрсенғалиева ашты.

auuganesc

Мүсінде Ауған жерінде таулы тастар ортасында қадалып қалдырылып кеткен жауынгер автоматы және автоматқа ілулі тұрған жауынгер каскасы, кеуде сөмкесі бейнеленген. Сонымен қатар мүсінде қосымша таулы тастар арасында атылған оқтар,граната, автомат оқсалғышы және қара раушан гүлі көрініс тапқан. Монумент соғыс алаңын бейбіт өмірге айырбастап кеткен немесе туған жеріне жете алмай, қаза болған жерлес интернационалист жауынгерлерге арналады. Мүсін авторлары ауданымыздың суретші-мүсіншілері, әкелі-балалы Талғат, Аян Сәтмағанбетовтер болса, оның бой көтеруіне «Туған жер» бағдарламасы аясында демеушілік жасап, қаржылай қолдаған «Потенциалойл»ЖШС екенін де айта кетейік.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521