«Қауіпсіз жол» шарасы өтті

Жол-көлік оқиғалары санын төмендету, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында аудан көлемінде ағымдағы жылдың 14-16 ақпан күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын.

Іс-шара кезінде жол жүрісі қағидаларын бұзған 51 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде жүргізушілердің көлік құралын басқару кезінде телефонды қолданғаны үшін 2, қауіпсіздік белбеуін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 10, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 1, жаяу жүргіншілердің жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін 7, көлік құралының міндетті техникалық байқаудан өтпегені үшін 3, жаяу жүргіншіге басымдық бермегені үшін 1, теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзғаны үшін 1, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқару бойынша 3 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

ӨЗ ТЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521