Атаулы мерекеге орай кеше «Аманат» партиясы атынан Исатай ауылдық округінің әкімі А. Жарылғасұлы және де Исатай ауылдық клубының директоры С. Сахибеденұлы ардагер аналардың үйлерін аралап, мерекемен құттықтап барды
- Шаттығы жарасып, салт-дәстүрді насихаттап жүрген іргетасы мықты, керегесі кең, өнегелі шаңырақтар қашанда жастарға үлгі болулары керек.Міне, біздер осы мақсатта бірі көп балалы, алтын құрсақты ана Талшын Бөрібайқызы, бірі қоғам белсендісі, еңбек ардагері Жансекер Бәбиқызына барып, мерекеге орай сый-сияпатымызды апарып,жылы лебізімізді білдірдік.Мерекенің де маңызы осы да. Көпке өнегелі ісімен, ортада жүйелі сөзімен қашанда өзіндік орны бар аналардың орындары айрықша маңызды. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, шаңырағының ұйытқысы бола білген аналар балаларына қолынан келгенше жақсылықты үйретіп, үлкенге қашанда құрметпен, кішіге қамқорлықпен қарауды айтудан жалыққан емес –дейді округ әкімі.
Өз кезегінде қос ардагер ана мерекемен құттықтап келген жандарға ризашылық сезімін білдіріп,алғыстарын жаудырды