bannerqaz

Қазақ халқы үшін жаралған жан

Шынында да, Елбасының аяқастынан Президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімге келуі кім-кімді де абдыратып тастағаны өтірік емес.

Елбасы ел басқаруға Кеңес Одағы ыдыраған тұста келген еді. Саясатымыз пен экономикамыз құлдыраған кез. Зауыттар мен фабрикалар тоқтап қалды. Дүкен сөрелерінде азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар тапшы болды. Барлық жерде жұмыссыздық белең алды. Халық не істерін білмей сергелдеңге түсті.

Бірақ Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында ел барлық сынақтан өтті. Елбасымыздың жұмылдыруымен халқымыздың тұрмысы мен әл-ауқаты күннен-күнге жақсарып, экономикамыз қарыштап дамуға бет алды. Шекарамыз бекітілді. Әнұранымыз,Туымыз, Елтаңбамыз өмірге келді. Дүниежүзіне белгілі беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Дамыған өркениетті елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық.

ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жағынан алдыңғы орынға шығып, көшбасшы елдердің қатарына қосылдық. Міне, осы игі істердің басында қазақ халқы үшін арда туған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны біздің еліміз үшін үлкен мақтаныш екені баршаға аян. Ендеше, Тұңғыш Президентіміз салған сара жол арқылы еліміз одан әрі өсіп-өркендеп, гүлдене беретініне кәміл сенімдімін.

Нұрлан МҰХАНБЕТАЛИЕВ,

аудандық мәслихат хатшысы.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz