bannerqaz

Бүлдіре бермейік, бүтіндейік

Біреуден ілгері, біреуден кейін болар, не десек те қазір ауданымызда жасалып жатқан жұмыстар бар.

Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, аудан орталығының ажары кіріп қалды. Әлі де қолға алынып жатқан шаруалар аз емес. Оны тиісті салаларға қалдырайық, біздің мойнындағы міндет – жасалған жұмысқа құрметпен қарау.

Оны неге айтып отырмыз? Негізі құлап жатқан нәрсені көтеріп қоюдан гөрі, дұрыс тұрғанды қисайтып кетуге шебер-ақпыз. Мысал болсын, айта кетейін. Жаяу жүргіншілер өткелінен Өркен ауылына апаратын аяқжолдың бойына самсатып көше жарығын орнатқан. Ғұмыры көпке бармады. Секірсең қолың жетпейтін әлгі шамдарды немен атқанын кім білсін, тас-талқан қылыпты. Түн ішінде аяқжолыңды көрсетіп, үйіне дейін жеткізіп салатын шамнан қандай зиян көрді екен?

g

Ардагерлер саябағындағы ескерткіш тақталардың бірін жұлып алып, ұшты-күйлі жоғалтып жібергендер де алыстан келген жоқ, өз балаларымыз ғой. Абырой болғанда тақта табылып, қайта орнатылған еді. «Апыр-ай, елге еңбегі сіңген аталардың аты жазылған тақта кімге батты екен?» дедік те қойдық. Газетке де жазылды.

Кеше ғана ашылған «Қазақ елі» мәдени-демалыс саябағы - тұрғындар үшін салынған орын. Оның да бір күні сәнін кетірмесек екен. Қазірдің өзінде «Домбыраны» жан-жаққа тартып жатқан балаларды, егілген гүлдердің жұлынып, шашылып жатқанын көзіміз шалып қалып жатыр.

Барды бүлдіре бермей, бүтіндейік.

С.МҰРАТХАН

Суреттерді түсірген Ә.ШАРАПИДЕНОВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz