bannerqaz

Белсенді жастар мекемелерді аралады

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «»Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп, жәрдемақылардың көлемі артатындығын және де жергілікті жерлерде көпбалалы аналар мәселесіне көңіл аударуды тапсырған болатын.

Сонымен қатар мемлекет басшысы еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы әйелдердің баға жетпес рөліне тоқтала келіп, «Араларыңызда көпбалалы аналар, бизнес өкілдері, дәрігерлер, педагогтар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, журналистер бар. Әйелдер Тәуелсіздік жылдарының бәрінде менің ең сенімді тірегім болды. Барлық жетістіктеріміз сіздердің белсене атсалысуларыңыздың арқасында ғана мүмкін болды. Сіздер біздің қоғамдағы бірліктің, жасампаздық пен тұрақтылықтың бейнесіне айналдыңыздар» деген болатын.

Шұғылалы көктем мерекесі қарсаңында аудандық жастар ресурстық орталығының белсенді жастары мекемелерде жұмыс істейтін бір топ аналарға арнайы аяқтай барып, сәлемдесіп, мерекелерімен құттықтады. Жастардың бұл игі бастамаларын Аққыстау орта мектебінің жай қызметкері Марфуға Зайырқызы, аудандық кітапхананың кітапханашысы Клара Қадырқызы, Өркен бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі Ләззат Мұхидоллақызы, Өркен орта мектебінің жай қызметкері Ақкенже Мұстажапқызы, Новобогат орта мектебінің қызметкері Зәмзәгүл Сұңғатқызы апайларымыз жылы қабылдап, құттықтаулары мен сыйлықтарын қабыл алды.

Аяпберген САЛИХОВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz