bannerqaz

Білімділер "рингте" кездесті

Кеше облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, "Жастарды қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігінің қолға алуымен "Білім-ринг" интеллектуалдық сайысының аудандық кезеңі өтті.

Аудандық кітапхана ғимаратында ұйымдастырылған сайыста əр ауылдың белсенді жастарынан құралған 6 команда білімдерін сынады. Ойын шартына сай сайысқа түскен екі команда сұрақтарға дер кезінде, дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинауы тиіс. Тетікті алғашқы секундта басып, алайда, қате жауап берген топтың бір мүшесі қысқарып отырады. Тағы бір ерекшелік, сайыс бір команда бес ұпай жинағанға дейін жалғасады. Топтар тең түскен кезде жеңімпаз анықталғанша қосымша сұрақтар беріледі. Ал, шешуші ұпайға қол жеткізгені келесі айналымға жолдама алады. Аталған сыннан сүрінбеген "Жалын" тобы жарыс жеңімпазы атанды. "Жастар" командасы екінші орынды еншілесе, "Дарын" тобы үшінші орынға ие болды.

- Сайыс өте қызықты өтті. Жеңіп тұрып, жеңілгендер де болды. Шешуші кезеңде ұпай еншілеп, жеңісті жұлып алғандар да кездесті, - дейді сайысты жүргізген орталық өкілі Н.Азаматов. Ал, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Г.Талғатқызы сұрақтардың əр тақырыпты қамтуы жастардың жан-жақтылығын сынға салғанын айтады. Сондай-ақ, ауыл жастары осындай шараларда белсенділік танытып тұрса деген ойын да жеткізді.

Айта кетейік, осы сайыста белсенділік танытқан жастардан жасақталған құрама доданың облыстық кезеңінде өнер көрсететін болады.

С.ПАНАБЕРДИЕВ.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz