bannerqaz

Бизнеске де біліктілік керек

Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мәліметінше, 1-ші жартыжылдықтағы есеп бо-йынша ауданда бүгінгі күні 2042 шағын кәсіпкерлік субъектілері (оның ішінде - заңды тұлғалар - 133, дара кәсіпкерлер - 1693, шаруа қожалықтары - 216) тіркелген.

Бүгінгі күні нақты жұмыс жасап тұрғаны – 1446.

Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Президент «Біз 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 пайызға жеткізу міндетін қойдық» деген болатын. Сондай-ақ, аталған Жолдау- да «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек» дегенін де білеміз.

Бұл бағыттарда ауданда екі жаңа жоба жүзеге асуда. Оның біріншісі - баламалы электр энергиясын өндіру жобасы бойынша «ВетроЭнергоТехнология» ЖШС Нарын ауылдық округінің Манаш учаскесінде бүгінгі күні құрылысын жүргізіп жатқан жаңа электр станция- сы жобасының жалпы құны - 12,3 млрд. теңге. Жоба өз қуатына толық қосылған кезде облыста өндірілетін барлық электр қуатының 13-14 пайызын өндіреді деп күтілуде. Жобаны іске қосу мерзімі - 2020 жыл.

Екіншісі - балық өнеркәсібін дамыту бағытында Жанбай ауылдық округіне қарасты Қызтуған учаскесінде жүзеге асырылып жатқан тәулігіне 6 тонна балық өңдеу цехы жобасы. Жобаны жүзеге асырушы «Шағала-Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында цехтың бірінші бөлігін іске қосуды, онда филе, тартылған балық өнімдерін (фарш) шығару цехын іске қосып, 43 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлау- да. Ал, екінші жартыжылдықта екінші бөлігін іске қосып, онда қайта өңдеу цехын (ыстау, кептіру, уылдырық жасау) іске қосуды көздеп, 37 адам жұмыспен қамтылады деп жос-парлануда. Жобаның құны - 250 миллион теңге. Жоба толықтай өз қуатына жеткен кезде 80 адам жұмыспен қамтылғалы отыр.

Қазіргі уақытта аудан әкімдігі арқылы «Шағала-Атырау» ЖШС-ның балық өңдеу цехына трансформатор қондырғысы алынып берілсе, газ желісін тарту жөнінде «Шағала-Атырау» ЖШС-ның өкілдері «ҚазТрансГазАймақ» Исатай филиалымен келісіп, құжаттарын жасақтауда. Күні бүгін цехқа электрлі пеш арқылы жылу жүйесі жүргізілген, цехты іске қосу жөніндегі рұқсат құжаттары аяқталғасын, таяу уақытта, цех іске қосылады деп жоспарлануда.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» І бағыты бойынша биылғы жылғы жос-парда кәсіби оқытуға - 15 адам, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға 50 адамды қамту көзделген. Бүгінде барлығы 33 адам оқуға жіберілген.

Бағдарламаның екінші бағытында кәсіпкерлік негізде «Бастау-Бизнес» жобасы бо-йынша 145 адамды оқыту жос-парлануда. Бүгінгі күні бірінші кезеңде 27 адам кәсіпкерлік негізде оқып, 15 адам бизнес жобаларын қорғады. Екінші кезеңде 23 адам оқытылып, 16 адам бизнес жобаларын қорғады. Үшінші кезеңге 38 үміткер құжаттарын тапсырды.

Исатай ауданы бо-йынша ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қажет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен «Бастау-Бизнес» жобасы бо-йынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып бітірген, сонымен қатар, басқа да ықтимал несие алуға ниет білдірген 66 үміткер тізімі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Атырау өкілдігіне ұсынылып, сәуір айынан бастап қаржыландыру жұмыстары бас-талды. Күні бүгін 90 миллион 340 мың теңгені құрайтын 18 жоба қаржыландырылды.

2018 жылға грант алуға өтініш білдірген жеке кәсіпкер әйелдер мен жас кәсіпкерлерге, 50 жастан асқан кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде берілетін мемлекеттік грант туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, 4 үміткер құжаттарын жинақтап, тапсырды. 31 мамыр күні 1 кәсіпкер жобасын қорғап, жиһаз цехына құрал-жабдықтар алу үшін 1,5 млн. теңге грант ұтып алды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы 2018 жылдың 6 айында ауылдық округтерде 6 көшпелі жиналыс өткізіп, онда кәсіп ашуға тілек білдірушілерге 84 кеңес беру қызметтері көрсетілген.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамасы бар аудан тұрғындары үшін «Бизнес-кеңесші» қысқа мерзімді курсы өткізіліп, 31 адамға сертификаттар табыс етілді.

Аудандық филиалдың менеджер кеңесшілері кәсіпкерлер мен кәсіп ашамын деп тілек білдірушілерге мемлекеттік бағдарламалар жөнінде 425 консультациялық кеңес беріп,106 сервистік қызмет көрсеткен.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған курс «Бастау-Бизнес» жобасында 2018 жылға 145 адамды оқыту жоспарланып, 15 мамыр күні 1-ші топтың жұмысы аяқталды. 1-ші топта кәсіп ашамын деген 27 азамат оқып, олардың 15-і бизнес-жобаларын жасақтап, облыста құрылған комиссияның алдында сәтті қорғады. Бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы бірінші топ қатысушыларынан, атап айтсақ, С.Құспанов, Б.Құспанов – жылқы малын өсіру үшін, С.Елешова – сиыр малын өсіру үшін барлығы 12,0 миллион теңге несие алып, кәсіптерін ашты. 22 маусым күні 2-ші топтың жұмысы тамамдалды. 2-ші топта 23 азамат оқып, олардың 16-сы бизнес-жобаларын жасақтап, облыста құрылған комиссияның алдында сәтті қорғады. 2-ші топта оқып, жобаларын сәтті қорғаған кәсіп ашуға ниет білдірушілер несие алуға құжаттарын жинақтауда. 9 шілде күні курстың 3-ші тобы басталып, 23 азамат оқып жатыр. Жобалар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Атырау өкілдігіне ұсынылып, сәуір айы-нан бастап қаржыландыру жұмыстары басталды. Күні бүгін 90 миллион 340 мың теңгені құрайтын 18 жоба қаржыландырылды.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz