bannerqaz

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Х.Ерғалиев ауылында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орнына жәрмеңкесін өткізді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткен жәрмеңке бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрғындар аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, жұмыссыз азаматтар қатысқан еді. Жәрмеңкеге барлығы 175 бос жұмыс орны ұсынылды, атап айтқанда, «Болашақ-Атырау» ЖШС - 3, «ККТС» ЖШС – 20, «ССС» ЖШС – 60, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім – 22, аудандық білім бөлімі – 5, аудандық орталық аурухана – 10, аудандық полиция бөлімі – 18, «Кuan trans logistics» ЖШС – 37 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге сол күні 73 адам қатысты, оның 53-нен түйіндемелер алынып, оларға біліктілік, кеңестік көмек көрсетіліп, тиісті бағыттар берілді.

Гүлдәурен Жалбирова,

аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz