«Дарынды бала – ұлт қуаты»

Жуырда Зинеден ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектеп базасында «Дарынды бала – ұлт қуаты» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу. Осы орайда аудандағы әр мектептен жиналған дарынды оқушылар семинар қонақтарын қабылдаудан бастап, түрлі ашық сабақтар, ток-шоу, коучинг, интеллектуалдық сайыстарда да өз белсенділіктерін таныта білді. Тоқталып өтсек, «Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі» тақырыбында 6-сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы - дублер Қ.Сыду және осы мектептің 11-сынып оқушысы Р.Жантілеуова 8-сынып оқушыларына биология пәнінің «Витаминдер» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

Нарын орта мектебінің 9-сынып оқушысы Д.Нұрсапина және 10-сынып оқушысы А.Еркінқызы «Латын әліпбиі: Жаңғыру жазудан басталады» ток-шоуын өткізсе, Х.Нәубетов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Қ.Сапаров пен 9-сынып оқушысы Д.Құзыриденова «Дарынды ұл-қыз - тарихи жұлдыз» коучингін өткізді. Исатай орта мектебінің 11-сынып оқушысы Г.Халел «Қызық екен...» тақырыбында және Өркен орта мектебінің дарындылары 10-сынып оқушысы Г.Құмарбекова «Жұлдызым жоғары...» тақырыбында интеллектуалдық сайысын жүргізді. Сонымен қатар мектеп дарындыларының көрмесі тамашаланып, семинар аяғында «Жас дарын» әдеби сазды бағдарламасымен өз өнерлерін ортаға салды. Семинар соңында дарындыларымыз аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Үзілдік ЖҰБАНОВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521