bannerqaz

Еңбекақы екі есеге өседі

1 қараша күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Еркебұлан Әбілқасымовтың төрағалық етуімен мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өткізілді.

Семинарда аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Нұрланұлы:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасы арттыру» атты биылғы Жолдауында әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуді тапсырған болатын. Келесі жылдан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін Атырау облысына енгізу жоспарлануда. Осыған орай, қазіргі кезде аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшілерге қатысты мәліметтер жинақталуда. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде бұл жоба 2015 жылы басталған-ды. Қазіргі уақытта қызметшілердің жалақысы тек ғана екі параметрден тұрады – жұмыс тәжірибесі және атқарып отырған лауазымы. Сонымен бірге, атқарылған жұмыстың күрделілігі мен тиімділігі ескерілмейді, бонустар, жәрдемақы түріндегі ынталандыру төлемдері, әдетте, бірдей мөлшерде төленеді. Енді жаңа жүйе бойынша жоғарыда айтылған талаптар шешімін таппақ, - деді.

Сондай-ақ, жаңа жүйеде жұмыс нәтижесі бойынша жыл соңында қызметкерлерге бонус беру де қарастырылған. Солайша, жаңа жүйе мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеруге өз септігін тигізбек. Бұл, сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерге зор жауапкершілік жүктейтіні анық.

Аяпберген Салихов

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz