bannerqaz

Елдің дамуына қауіп төндіреді

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмір сүруін жалғастырып келеді және тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.

Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: «Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаға мүліктік, мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».

Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық бұл – қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады.

Президент өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында сыбайлас жемқорлықты мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінететін ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер ре-тінде атап көрсетті.

Стратегияда көрсетілгендей, сыбайлас жем-қорлықпен күресу емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп айтамыз, яғни мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлық себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңды жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде жаңа ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды, яғни идеологиялық жағынан да, нормативтік-құқықтық жағынан да елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясатты жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орнату қажет. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады, өйткені бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы бір жағынан сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдауымен байланысты.

Гүлжан ГУБАШЕВА, Исатай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz