Филиал төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың бұйрығымен және партияның Орталық аппаратының келісімімен Айбатыр Бекішұлы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Жаңа төраға орынбасарын саяси бюро мүшелеріне облыстық филиал төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Тәжірибесі мол басшы ретінде партия жұмысын жандандыруда жемісті еңбек ететініне сенім білдірген аудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Марат Мурзиевте жаңа лауазым иесіне бірқатар міндеттер жүктеді.

Айбатыр Бекішұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – тарих пәнінің мұғалімі.

Еңбек жолын 2001 жылы Х.Нәубетов атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.

2007-2009 жылдары «Жанбай селолық клубы» МКҚК директоры, 2009-2015 жылдары Гагарин атындағы орта мектептің директоры, 2015-2017 жылдары Абай атындағы орта мектептің директоры болып қызмет атқарған. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аудандық білім бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

Аудан әкімі жиын соңында аталған қызметті осыған дейін мүлтіксіз атқарып, өзінің белсенділігі мен біліктілігі нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе білген, бүгінде партияның облыстық филиалына қызметі ауысқан Ақтолқын Ахметжановаға атқарған қызметі үшін алғыс айтып, өз атынан алғыс хат табыс етті.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521