Интернеттегі қауіпсіздік назарда

Аудандық білім бөлімі оқушылардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспарын жасақтаған болатын.

Осыған орай, ауданның жалпы білім беретін мектептерінде көптеген жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Олар – мектеп оқушыларымен жиындар, «Қауіпсіз Интернет» тақырыбында фотоконкурстар, «Ғаламтор: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбымен 7-9 сынып оқушылары арасында пікірталастар, «Қауіпсіз ғаламтор еліне саяхат», «Пайдалы және қауіпсіз интернет» атты сынып сағаттары, «Интернетке тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында мектеп психологтарымен кездесу. Сондай-ақ «Интернет орнына кітап» бір күндік акциясы өткізіліп, аудандық кітапханаға саяхат жасалса, «Балаларды бірге сақтайық» тақырыбында ата-аналарға жадынама парақшалары да таратылды. Сынып оқушыларына компьютер мен смарт-фонда күніне неше сағат отыратындығы туралы сауалнамалар өткізіліп, талдануы, «Өмір тамаша, басқа қауіпке жол берме» тақырыбымен дөңгелек үстел, флеш-мобтар, «Мен қауіпсіз өмірді қалаймын» тақырыбындағы ток-шоу ұйымдастырылуы да жоспарлы істің бір парасы. Осынау іс-шараларының қорытындысында аудан мектептері оқушылары үшін «Шынайы өмір – виртуалды әлемнен жақсы» флеш-мобы орталық стадионда ұйым-дастырылып, оқушылардың, белсенді ата-аналардың қатысуымен өткізілді. Шараға қатысушыларға «Қауіпсіз интернет» тақырыбында жадынамалар таратылып, топтағылар виртуалды әлем мен шынайы өмірдің айырмашылығы бағытында берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындап, уақытты пайдалы өткізді. Үздік топ мүшелері аудандық білім бөлімінің дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Шолпан ХАМЗИНА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521