bannerqaz

Исатай аудандық қорғаныс бөліміне жаңа басшы келді

Исатай ауданында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жаңа бастығы тағайындалды.

2019 жылдың 27 қыркүйегіндегі ҚМБО - ҚР ҚК БШБ - ның бұйрығымен Атырау облысы Исатай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына Токсеитов Дармен Айдарұлы тағайындалды.

Токсеитов Дармен Айдарулы 1975 жылдың 23 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазықұрт ауданы, Рабат ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Отбасылы, екі баласы бар. 2004 жылы М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Экология және биология», 2014 жылы Қазақстанның халықтар достығы инженерлі-педогогикалық уинверситетінің «Құқық бакалавры» азаматтық мамандығын алған ол 1992-1998 жылдар аралығында әртүрлі салада жұмыстар жасаған.

Әскери еңбек жолын 1998-2007 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әскери комиссариатында инспекторлық лауазымда қызметкер болып еңбек еткен.

2007-2012 жылдар аралығында сержант шенінен бастап, Шымкент қалалық әскери комиссариатынан келісімшартпен әскери қызметке шақырылып, Ленгер қалалық ӘК жұмылдыру бөлімшесі бастығының көмекшісі, 2012-2015 жылдар аралығында офицерлік құрамда, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында келісім шартпен әскери қызметке шақыру бөлімшесінің бастығы, 2015-2018 жылдар аралығында, Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жұмылдыру дайындығының офицері, 2018-2019 жылдар аралығында Атырау облысы Мақат ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымын атқарып келді.

Өз тілшіміз

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz