Исатай ауданында да халық көп шоғырланатын орындарға шектеу қойылды

Кеше, 16 наурыз күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әлемді алаңдатқан індет - короновирустің елімізде кең етек алып, таралуының алдын алу бағытында 1 ай мерзімге төтенше жағдай жариялады.

Осыған орай Исатай ауданында да халық көп шоғырланатын орындар, атап айтқанда, түнгі клубтар, ойын-сауық орындары, компьютер клубтары, кафе-барлар, демалыс саябақтары секілді орталықтары және барлық спорттық объектілер жұмысын уақытша тоқтатып, жабылатын болды. Яғни, жоспарланған барлық мерекелік мәдени-спорттық шаралар шектеледі. Сондай-ақ, Президент жарлығына сәйкес ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, отбасылық салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынды. Бұл біріншіден халқымыздың денсаулығына алаңдаудан туындаған шектеулер деп түсінуіміз қажет. Елді дүрліктірмей, жұқпалы дерттің жолын кесіп әрі қарай таратпау бағытында жарияланған төтенше жағдай кезінде бірлік пен ынтымақты ту етіп, қиындықтарды бірлесе еңсеруіміз қажет деп есептеймін.

Саябек ШАГИРОВ,

Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521