bannerqaz

Исатайлық тұрғынның көлігінен заңсыз балық тәркіленді

Атырау полицейлері 100 кг-нан астам тұратын бекіре тұқымдас балық салынған көлікті ұстады.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қараша күні шамамен сағат 9.30-да «Бекіре» профилактикалық іс-шарасы аясында балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Баймұханов көшесінде «Лада Гранта» көлігін тоқтатты.

32 жасар исатайлық жүргізушінің автокөлігін тексеру кезінде жүксалғышта 45 дана бекіре тұқымдас балық табылды, оның жалпы салмағы 120 кг 600 граммды құрады. Тексеру кезінде жүргізушіде балықтың тиісті құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен бірге, ұсталған адамның өзі балықты тапқанын түсіндірді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полиция қызметкерлері ұсталған көліктің жүргізушісінің үйінің ауласында «байда» түріндегі жүзу қайығын тапты.

ATpress.kz

Сурет: Ашық дереккөз

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz