bannerqaz

Үй болса, күй де болады

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» делінген.

Оған Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі дәлел. Онда баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз ету секілді маңызды деген мәселелер бар. Үндеудегі бес бастаманың қай-қайсысы да халық үшін жасалғаны айдан анық.

Елбасының «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бастамасы әр отбасы үшін үлкен мүмкіндік. Әсіресе, баспана мәселесі Отан күзетінде еңбек етіп жүрген біз сияқты қорғаныс саласындағы қызметшілер үшін маңызды мәселе деуге болады.

Екінші бастамасында жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту ұсынылған. 2019 жылдан бастап жұмысшылардың салық жүктемесін 10 есеге азайту қарастырылуда.

Үшінші бастама жастар мен өскелең ұрпақтың жоғары білім алуына жағдай жасау, сапалы мамандық иелерін дайындау, студенттердің жатақханадағы жағдайын жақсартуға арналған. Сондай-ақ Президентіміз келер оқу жылында мемлекеттен қосымша 20 мың грант бөлуді де тапсырды.

Төртінші бастама – шағын несие беруді көбейту бастамасы. Бұл арқылы мыңдаған адам жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бет бұрары сөзсіз. Өйткені, бұдан былай шағын несиеге бөлінетін қаржы көлемі 20 миллиард теңгеге артпақ. Бұл қомақты қаржы әсіресе, ауыл-аймақтардағы жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталмақшы. Перзидентіміздің ұсынған бесінші бастама елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру. Қорыта айтқанда, Елбасымыз бес бастамасы жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында еңбектеніп жүрген аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жаңа міндеттер жүктейтіні сөзсіз.

Ермек ДЖАЗБАЕВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz