Ұйымшылдығы жарасқан "Жаңа ауыл"

Күн мен Түн теңелген Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз мейрамы кеше Тұщықұдық ауылының Жаңа ауыл мөлтек ауданында да жалғасын тапты.

Жаңа ауыл тұрғындарының ұйымшылдығы мен ауызбіршілігінің арқасында керемет үйлесіп тапқан думанды шара болды.

Ауыл әкімі Айбатыр Бекішұлы ақжарма тілегін білдіріп, ауыл үлкендері бата берді.

Жиналған көпшілік наурыз көжеден дәм татып, ұлттық ойындардан өткен сайыстарды қызықтап, өнерпаздардың керемет ән-күйін тамашалады. Сондай-ақ, қозы-лақтай шуласып мәз болған бала-шаға арнайы қойылған ойын батутында асыр салып,ойнады. Сайыс жеңімпаздары Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталса, өнерпаздар да сыйлықтан құр қалмады. Әрі қарай наурыз-думан он алты қанат киіз үйдің ішінде, келіндер дайындаған ақ дастарқан басында тілектер айтылып, домбыра тартылып әдемі жалғасын тауып, әсем сазға билеп, көңілді тарқасты.

Нұрғабыл Даулетияров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521