bannerqaz

Көмек көптік етпеген

Ұлыстың ұлы күнін тойлау барысында оған әркімнің өз үлесін қосуы дағдыға айналған игілікті іс десек қатесі жоқ.

Мұны аудан бойынша атқарылған мерекелік шараларға Аққыстау ауылдық округінің де аз үлес қоспағанынан аңдауға болады. – Бәрі ауылдастардың мерекені жақсы көңіл-күйде қарсылауы үшін жасалатын қарекеттер ғой. Сол үшін де аз қамтылған, көпбалалы отбасылары балаларына қол ұшын созып, көмек ету мақсатында биыл да мерекелі сәтте демеушілер арқылы біраз іс-шаралар ұйымдастырылды, -дейді ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Сәуле Мұқанбетқалиева.

Ол мерекелі күні өз демеушіліктерімен киіз үй тігіп, дастархан дайындаған, сол жерде округ бойынша еңбек ардагерлері мен қарттарға құрметтерін көрсеткен кәсіпкерлерге дән риза. Аудан әкімінің демеушілігімен де округтегі аз қамтылған бес отбасына азық-түлік пакеті алынып берілген. Бас маманның айтуына қарағанда, тек мерекелі күндері ғана емес, басқа да уақыттарда, мәселен қайырымдылық шаралары барысында, сондай-ақ бағасы төмен ауыл шаруашылығы өнімдерімен облыс орталығына барып жәрмеңке өткізу кезінде де олар әлеумет үшін жасалған істерге ілтипат білдіріп келеді. - Солардың бірі – кәсіпкер Дарын Зұлхашев шаруа қожалығынан 520 келі ет өнімін шығарды. «Елге бергеннің есесі кетпейді» деген, осындай азаматтарымыздың қатары көбейе түскені – халық несібесі өскені, -дейді бас маман.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz