Қамысқаладан қос бірдей сұлулық салоны ашылды

Қамысқалалық ханымдар сұлулықтан сайысуы мүмкін. Өйткені мұнда күні кеше қос бірдей сұлулық салоны ашылды.

Екеуі де тегін қызмет көрсетеді. Бұған дейін бұндай салон тұрмақ, қарапайым шаштараздың өзі табыла бермейтін ауыл үшін бұл ерекше жаңалық болды. «Шашыңызды қиып, бетіңізді әрлеп, түр-әлпетіңізді сәндеп бергені үшін қалтаңызды тесіп кете жаздайтын салондар аяқ астынан құрғақ рақметке қызмет көрсететіні қалай?» деуіңіз мүмкін. Айтайық. Жастар жылына арналған Jas project жастар корпусын дамыту жобасы бойынша Исатай ауданынан 30 грант (92 қатысушы жас) ұтып алынған болатын. Миллион теңге грантқа ие болған жобалардың ішінде Х.Ерғалиев ауылынан ашылған осы қос салон бар. Жоба ережесіне сай әлеуметтік көмек көрсету мақсатында олар енді алты ай көлемінде тегін қызмет көрсетеді. Солардың бірі Х.Ерғалиев ауылы орталығындағы «Темеш» дүкенінің бір бөлмесінен ашылған Жаулыбай Айгерімнің иелігіндегі «Ару» сұлулық салоны.

arusaloni1

Ашылу салтанатында ауылдық округ әкімі Рафиғат Тәжиденова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов және ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов салон жұмысына сәттілік тілеп, жобаның негізгі мерзімінен, яғни алты айдан кейін де кәсіпкерлік бағытта қызметін жалғауды тілек қылды.

aidoni3

aidoni4

Айгүл Омарғазиеваның жетекшілігімен ашылған «Айдони» сұлулық салонының да атқаратын қызметі осындай. Кең, келісті орынға орналасқан салонның ашылу салтанаты сенбі күні өтті. Онда ауыл әкімінің орынбасары Серік Омашев, аудандық кәсіпкерлік палатасының басшысы Нұрым Мусин мен жоба менторы Анаргүл Құсайынова сөз сөйледі.

aidoni

Айта кетейік, салондар осы жылдың қараша айына дейін тұрғындарға тегін жұмыс жасайды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521