Қамысқалалықтар наурыз тойын тойлады

22 наурыз күні Қамысқала ауылдық мәдениет үйі алдында Наурыз мерекесі кеңінен тойланып өтті.

 

Аудан әкімі орынбасары Р. Муканов пен Қамысқала ауылдық округ әкімі Р. Тажиденова құттықтау сөз сөйлеп, бір топ ауыл тұрғындарын алғыс хатпен марапаттады. Мәдениет үйі өнерпаздары және Новобогат балалар саз мектебі фольклорлық ансамблінің өнері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ, Ғ. Мәсәлімов орта мектебі, дәрігерлік амбулатория ұжымы, "Айжұлдыз" бөбекжай-бақшасы, Саз мектебі ұжымдары ұлттық салт-дәстүрден көрініс көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Спорттық ойындардан сайыс өтіп, жеңімпаздар марапат иеленді.

 

Жұлдыз Сембиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521