Құрылтай -халықтың мұң-мұқтажын айтатын жер

Мен үшінші ұлттық құрылтай өңірімізде болғанына өте қуаныштымын. Бұл біле білсеңіз, біздің мұнайлы өлкемізде алғаш рет  болып жатқан тарихи оқиға дер едім.

Өйткені, ол ертең тарихымызда елеулі бір оқиға ретінде қалады. Біз қасиетті құрылтай сөзінің мағынасын бұзып алмауымыз керек. Менің түсінуімше, құрылтай – халықтың мұң-мұқтажын айтатын жер. Ол кез келген келеңсіз жағдайды шеше алуы керек. Кезінде халық ханға өз мұң-мұқтаждарын айтып, мәселелерін шешкен. Күні кеше өткен құрылтайдан да күтер үмітім көп. Құрылтай- билік пен халық арасында көпір болулары тиіс. Яғни жауапкершілікті әркім сезінулері қажет.

Шынында да, соңғы кездері  құрылтай елдің бірлігі мен ынтымағын дәріптейтін, соған қызмет жасайтын нағыз шынайы платформаға айналып келеді. Құрылтайда көптеген өзекті мәселелер тілге тиек етілді. Президент соның ішінде қазақ тілінің қазіргі заманға лайық экономика, өндіріс, техника мен технология тіліне айналуға барынша мүмкіндігі бар екенін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының бастамалары арасынан халқымыз үшін бес жаман әдеттен құтылып, алты құндылыққа ұмтылу қажеттігі туралы бағдарламалық сөздерін айрықша атап өткім келеді.

Үкімет пен үкіметтік органдарға өздерінің жұмыстарын да, мемлекеттік бағдарламаларды осыған сәйкестендіру туралы тапсырмалар да берді. Осы айтылғанның барлығы адал адам формуласының қағидаттарына толық сәйкес келеді. Ол – әділетті Қазақстанды қалыптастырудың айқын жолы.

                                                                                       Талғат СӘТМАҒАНБЕТОВ,

жеке кәсіпкер,

       Аққыстау ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521