bannerqaz

Мұнайшылар құрмет көрді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығын аудан мұнайшылары С.Балғымбаев кен орны демалыс орталығында атап өтті.

Онда «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының басшысы Амангелді Сүлейменов, кәсіподақ комитетінің төрағасы Самат Қабделов мерекемен құттықтап, бір топ мұнайшыларды Құрмет грамотасы, Алғыс хаттармен марапаттап, зейнеткерлерге және 60 жасқа толған мұнайшыларға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтарды табыс етті.

Осы мерекеге орай кіші аяқдоптан цех аралық жарыс ұйымдастырылып, бірінші орынды ұңғымаларды жерасты жөндеу цехы (кубок, диплом, 150 мың теңге қаржылай сыйлық), екінші орынды мұнай дайындау және айдау цехы (кубок, диплом, 120 мың теңге қаржылай сыйлық), үшінші орын С.Балғымбаев мұнай өндіру цехы және өндіріс құрал-жабдықтарын жөндеу және прокаттау участігі (кубок, диплом, 100 мың теңге қаржылай сыйлық) иеленді. Сонымен қатар, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен №2 мұнай-газ өндіру цехы дипломмен және 50 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz