bannerqaz

Мұстахим Ермұрат республикалық байқаудан бас жүлде иеленді

Абай атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Мұстахим Ермұрат талантты, дарынды балалардың бірі.

Ол кішкентайынан ән айтып, түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Жақында Атырау қаласында «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дала сазы» атты республикалық байқау өткен болатын. Аталған байқауда «Вокал» жанры бойынша сынға түскен Ермұрат жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Еліміздің әр өңірінен жиылған өнерлі өрендердің арасынан топ жарған шәкіртіміз жарыстың бас бәйгесіне қоса мамыр айында Алматы қаласында өтетін осы байқаудың халықаралық кезеңінің жолдамасын жеңіп алды. Онымен қоса, Шығыс Қазақстан облысында ұйымдастырылатын «Алакөлдегі жаз – 2019» атты республикалық байқауына және тегін демалыс лагеріне қатысуға мүмкіндік алды. Тағы бір айта кетері, Ермұраттың биыл өтетін халықаралық Санк-Петербург, Өзбекстан, Франция, Туркия, Грузия мемлекеттеріндегі байқауларға қатынасуына мүмкіндігі бар.

Мұстахим Ермұраттың талантын кішкентайынан байқап, оны шыңдап келе жатқан ұстазы, музыка пәнінің мұғалімі Ақтолқын Аротқызының да еңбегін атай кеткен жөн. Тәлімгер Республикалық қоғамдық қор атынан «Дала сазы» байқауына жоғары дәрежеде шәкірт дайындап, жас ұрпақты өнерге баулуда қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ Ақтолқын Аротқызы жақында ғана Алматы қаласында өткен Республикалық «Мәңгілік елім - Қазақстаным» патриоттық әндер фестиваліне белсене қатысқаны үшін және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі ерен еңбегіне орай «Өнерге қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен арнайы диплом иеленген еді. Енді оқушымыз халықаралық байқауда еліміздің атын көкке көтереді деген сенім бар.

Назерке ИСАТАЙҚЫЗЫ,

Абай атындағы орта мектеп мұғалімі.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz