bannerqaz

«Мектепке жол» - адамгершілікке жол

Қайырымдылық шаралары негізінде аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, қамқорлық танытушылар санының жылдан-жылға артып келе жатқандығы көңіл қуантады.

Ауданда аз қамтылған оқушылар саны - 726. «Мектепке жол» акциясы басталғалы солардың 162-сіне міндетті оқу қорынан 2 млн. 380 мың теңгеге киімдер алынып берілсе, аудан мекемелері мен жеке кәсіпкерлер және жекеленген азаматтар 140 балаға 600 мың теңге ақшаға оқушы формасы, спорттық киімдер және оқу құралдарын сыйлап, балаларды шаттыққа бөледі. Олардың ішінде «Жайықмұнайгаз» басқармасының кәсіподақ ұйымы, аудандық ішкі саясат, құрылыс бөлімдері, аудандық жастар ресурстық орталығы, кәсіпкерлік палатасы, «Арзан» дүкені, «Қамысқала» су арнасы, Нарын бекетінің теміржолшылары, басқа да бір топ кәсіпкерлер бар.

Еске сала кетейік, 2018-2019 оқу жылының 1-тамыз мен 30-қыркүйек күндері аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде.

Акцияның негізгі мақсаты - әлеуметтік жағдайына қарай көпбалалы, тұрмыс-жағдайы төмен қамқорлықтағы , жартылай жетім отбасынан шыққан оқушылардың толық білім алуларына жағдай жасау.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz