Мемлекеттік қолдау көбейді

Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жайы мен оны қолдау шараларының жүзеге асырылу барысына тоқталсақ, 2018 жылдың 1 желтоқсанына статистикалық деректер бойынша 2017 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Олардың ішінде күні бүгін нақты жұмыс жасап тұрғаны - 1482, бұларда 2252 адам жұмыс жасайды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке ағымдағы жылдың 11 айында 323,4 миллион теңге салықтар мен алымдар түскен.

Осы кезеңде аудан бойынша жаңадан 8 кәсіпкерлік нысан (Аққыстау ауылында 1 салтанат сарайы, Тұщықұдық ауылында 1 тұрмыстық қызмет көрсету орталығы, 1 асхана, 1 көлік жуу орталығы, Зинеден ауылында 1 азық-түлік дүкені, Х.Ерғалиев ауылында 1 жылыжай, Жанбай ауылында 1 шағын тойхана, 1 дәріхана) іске қосылып, 19 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Ауданда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда. Атап айтқанда, жыл ішінде ауылдық жерлердегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыға 73,9 миллион теңге құрайтын 12 жоба қаржыландырылды. «Кәсіпкер» бағдарламасымен 10 жоба мақұлданып, 48,2 миллион теңге несие алса, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 22 жоба мақұлданып, 93,2 миллион теңге несие алып, өз жұмыстарын бастауда. «Бизнестің жол картасы - 2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде биылғы жылы мемлекетттік грант алуға ауданнан 4 адам өтініш білдіріп, жеке кәсіпкер Қайрат Ғұбайдуллин өз жобасын сәтті қорғап, жиһаз өңдеу цехына құрал-жабдықтар сатып алу үшін 1,5 миллион теңге мемлекеттік грантқа ие болды. Сонымен қатар, «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы жаңадан кәсіп ашқан 3 адамға құрал-жабдықтар сатып алуға 240,5 мың теңгеден барлығы 721,5 мың теңге шағын мемлекеттік грант берілді. «Бастау-Бизнес» жобасы аясында биылғы жылы 145 адам оқытылды.

Ауданда шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды кеңінен түсіндіру мақсатында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, қаржы институттары өкілдері және аудан әкімдігінің қолдауымен ауыл кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында 8 семинар-кеңес өткізілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521