bannerqaz

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»

Қызылүй негізгі мектебінде Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналып «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Кешті мектеп кітапханашысы Гүлнара Қибашева ашып берді. Оқушылар болса, ақынның «Үш бақытым», «Әке», «Поэзия», «Музаға», «Анама», басқа да өлеңдерін жатқа айтты. Мектебіміздің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жас қыран» ұйымы мүшелері ақынның лирикалық шығармаларын суреттеп, жыр-маржандарын тарту етті. «Есіңе мені алғайсың», «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз», «Сарыжайлау», басқа да әндердің мектеп оқушылары мен ұстаздардың орындауында шырқалуы ақын сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алғанының бір дәлеліндей болды. Сондай-ақ Мұқағали өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетіліп, ақынның өз дауысымен оқылған аудиожазба тындалды.

«Ақиық ақын - Мұқағали» тақырыбымен кітап көрмесі де ұйымдастырылған кеш оған қатысушылардың барлығын әдемі әсерге бөледі.

Эльмира АБДОЛОВА,

Қызыл үй негізгі мектебінің тәлімгері.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz