bannerqaz

Нарыны есіне алды Наркескенін

Аққыстауда «Нарынның Наркескені» атанған семсер тілді ақын Нұралы Әжіғалиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Есіңде мәңгі қалғалы келгем» атты мәдени көпшілік шара өтті.

Кешті сөз сөйлеп ашқан аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілхасымов жиылған жырсүйер көпшілікті құттықтап, шараға арнайы келген қонақтарға қош келдің айтты. Ақын отбасына құрмет көрсетіп, тілек хат пен естелік сыйлық табыстады.

nur-2

Ақын поэзиясының жанашырлары - ҚР Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, ақынның бажасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің запастағы полковнигі Құмарбек Омаров, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Болат Үсенбаев, ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Ғайса-Ғали Сейтақ секілді меймандар жүрекжарды тілектеріне қоса ақынға арнаған жаңа туындыларын да көпке тарту етті.

nur-3

Мерекелік шарада өнерпаздар ақын жырларын жатқа оқу, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындаудан сынға түсіп, ақындар жыр мүшайрасында бақ сынады. Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты Светқали Нұржан филология ғылымдарының докторы, белгілі баспагер Ғарифолла Әнес, белгілі ақын, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері Шәкизада Әбдікәрімов, танымал ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Гүлнар Салықбаева, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Исатай ауданының Құрметті азаматы Сәйпеден Сидеғалиев, әнші, ақын, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Болат Үсенбаев, атақты күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева, ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Ғайса-Ғали Сейтақ секілді өнер тарландары қазылық еткен байқауда жүлдегерлер анықталды.

nur-4

Атап айтсақ, ақын өлеңдерін жатқа оқудан облыстық дарынды балалар мектебінің оқушысы Игілік Бекжанұлына бірінші орын бұйырса, екінші орынға Х.Нәубетов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Жұлдыз Әнуарбекова қол жеткізді. Ал, үшінші орынды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Ақбөбек Қадыржанова қанжығалады.

nur-5

Жыр мүшайрасы бойынша Махамбет ауданының ақыны Бағыт Нұрлыбек жеңімпаз атады. Ал, жылыойлық Бүркіт Базарбаев екінші, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Фариза Жетпісбаева үшінші орынды еншіледі.

nur-6

Ән сайысында ақын өлеңіне жазған өз әнінің тұсауын кескен Дулат Зұлқашев бірінші орынды иеленді. Аққыстау орта мектебінің оқушысы Дана Мажитова екінші, Дина Нұрпейсова атындағы музыка академиясы Атырау музыка колледжінің жас ұстаздарынан құрылған трио үшінші орынға тұрақтады.

nur-7

Айта кетейік, бірінші орынға қол жеткізген өнерпаздар 200 мың, екінші орын еншілегендер 150 мың, үшінші орын қанжығалағандар 100 мың теңге ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz