bannerqaz

Наурыз өтті дүркіреп

Әз-Наурызда күн мен түн теңеледi. Табиғат пен Жер-Ана құлпырады. Жан-жануарлар түлейдi. Тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар көрініс тауып, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.

Наурыз тойы ауданымызда сән-салтанатымен өз деңгейінде өткізілді. Екі күнге созылған мереке аудан орталығы Аққыстау ауылында оздырылып, орталық стадионда аудан аумағындағы мекеме-кәсіпорындар киіз үйлер тігіп, алтыбақан құрылып, дәстүрге сай «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты театрландырылған көрініс қойылды.

Стадионның атшаптырым аумағына киіз үйлер тігіліп, мол дастархан жайылды. Шараға қатысушылардың барлығы да наурыз көжеден дәм татып, Шығыс халықтарының басты мейрамы саналатын – Ұлыстың Ұлы күні турасында тартымды әңгіменің тиегін ағытты. Мерекелік бағдарламаға сәйкес барлық қатысушы ұйым-мекемелер көріністер қойып, халқымыздың ұмыт бола бастаған диірмен тарту, келі түю сынды дәстүрлерін қайта жаңғыртты. Жиналған қауым «Жалын» мәдениет үйі өнерпаздарының орындауындағы сан алуан көріністерді тамашалады. Халық әндері шырқалды. Керемет күйлер орындал­ды. Кең-байтақ, қонақжай Қазақ елінде тұрып жатқан өзге де халықтардың ұлттық билері биленіп, тарихи-мәдени композициялар қойылды. Шара аясында спорттық шаралар өткізіліп, балғын спортшылар өз белсенділігін танытты. Жүлделі орын алған спортшылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ауылдық округтерде де Наурыз мерекесі жақсы өткізілді. Атап айтқанда, Х.Ерғалиев ауылында мейрам 14 наурыздан бастап көше болып тойланса, Тұщықұдық, Исатай, Забурын, Нарын, Жанбай ауылдарында да ауыл тұрғындарының қатысуымен 22 наурыз күні мереке ұйымдастырылып, жиылған үлкен-кішіні қуантты.

Суреттерді түсірген:

Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz