bannerqaz

Қоғамдық бақылау картасы – тұрғындар көзімен

Жыл басынан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту мақсатында бірқатар жобалар жұмысын бастап, бүгінгі күнде жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы.

Жоба 2018 жылдың 6 наурызында өз жұмысын бастаған болатын. Жалпы, жобаның негізгі мақсаты – қоғамда құқық бұзушылықты бірлесіп жоюға шақыру және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін көтеру. Бұл жоба үш бағыт бойынша жүзеге асуда, яғни әлеуметтік желілер арқылы, «Қамқор» жүйесі және арнайы мониторингтік топтардың байланыс телефондары арқылы кез-келген оқиға туралы хабарлама алу және шұғыл әрекет етуді қамтиды. Аталған жоба аясында түскен хабарламалар тиісті деңгейде шешімін тауып келеді.

– Бүгінгі күнге дейін Департаментке осы қоғамдық бақылау картасы жобасы шеңберінде азаматтардан 32 хабарлама түскен, оның 4-уі facebook, 28-і WhatsApp желілеріне түскен. Түскен хабарламалардың басым көпшілігі мазмұны бойынша әлеуметтік, инфраструктуралық, құқықбұзушылық, еңбекақы және басқа да мәселелерге қатысты орын алған. Өз кезегінде Департаментке түскен хабарламалар тиісті органдарға шешім қабылдау үшін жолданып, орындалуы бақылауға алынуда, – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл жоба қазіргі таңда республиканың барлық аумақтарында жүзеге асырылуда.

Жарнама

strakhovaniya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қаңтар 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz