Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Дүйсенбі күні аудандық әкімдік ғимаратында өткізілген қоғамдық кеңес отырысында коммуналдық мәселелер бойынша тыңдау өткізілді.

Атап айтқанда, су, жарық, газ сынды коммуналдық қызмет көрсету салаларының тарифтері жөнінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болатбек Сисатов, аудандық газ шаруашылығы мекемесінің басшысы Жеңісбек Қабиев, «Қамысқала су арнасы» ЖШС өкілі Жұмақұл Жаңбырбаев басқосуға қатысушыларға тарифтер санауда орын алып жатқан соңғы өзгерістер туралы кеңінен түсініктер беріп, ақпараттандырды.

Жиын төрағасы аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Құлғалиева, еңбек ардагері Ерболат Насимуллин аудан ажарына алаңдаушылық білдіріп, абаттандыру, жарық тарту және коммуналдық басқа да мәселелер жөінде сауалдар қойып, тиісті сала мамандарынан жауаптар ала алды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521