Олимпиададан олжалы оралған Дильназ

Елімізде дарынды балаларға арналған олимпиаданы өткізу дәстүрге айналды. Олимпиаданың жарқын табыстарға қол жеткізетін дарынды жеткіншектерді тәрбиелеуде маңызы зор. Жыл сайын пәндік олипиададан жүздеген үздіктер шығып келеді. Әсіресе, біздің аудан бойынша мектеп оқушылары арасынан олимпиадаға қатысып,  білімдерін шыңдап, жоғарғы жетістіктерге жетіп жүр. Сөзімізге дәлел, таяуда ғана республикалық пәндік олимпиададан қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Өркен орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дильназ Қапсихқызы жүлделі 3 орынмен оралды.

Жасынан оқу-білімге құштар, ойы жетік, зерек оқушының бағындырар белесі үнемі биік екені айғақ.Осы уақытқа дейін аққыстаулық Дильназ түрлі байқау, іс-шара, білім додасына қатысып, көптің ықыласына бөленіп, қуантып жүр. Әрине, бұл жерде, «бұлақ көрсең – көзін аш» дегендей бала жанына нұр сеуіп, санасына сәуле шашатын ұстаздың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі зор. Осы бағытта, жүлделі оралған оқушының жетекшісі Анаргүл Салиховамен байланысқа шығып,тілдескен едік.

- Дильназ, кішкене кезінен алғыр,пысық,қатарының алды, оқуда озат қыз. Күні кеше, қыста өткен республикалық ғылыми жоба байқауынан екінші орын иеленді. Одан бөлек, ауыл балаларына арналған олимпиададан үшінші орын жеңіп алды. Күні бүгін Қостанай облысында өткен республикалық пәндік олимпиадан 46 оқушы ішінен үшінші орынмен ортамызға оралды. Шәкірт жетістігі ұстаздың да жетістігі ғой.Оқушымның бұл жетістіктеріне шын жүректен қуаныштымын! Әлі де талай биік белестерді бағындырарына мол үміт артамын,-деді ол сенімді дауыс ырғағымен.

Жалпы түйіндей айтқанда,  әрбір бала - тұлға. Сол баланың тұлғалық қабілетінің ашылуында – ұлағатты ұстаздардың алатын орны айрықша. Сондықтан, қашанда ұстаз мәртебесі, шәкірт жетістігі арқылы арта берері сөзсіз.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521