bannerqaz

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде – жаңа басшы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Ниязалиев Ғабдіжәлел Калдыбайұлы 2018 жылдың 12 қазанынан бастап аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Ғ.Қ.Ниязалиев 1979 жылы БҚО Теректі ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Ұлты – қазақ. 1996-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы бастап, 2000-2009 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімде взвод командирі, штаб бастығы қызметтерінде болған. 2009-2012 жылдары БҚО Жәнібек ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде бөлім бастығының орынбасары-аумақтық қорғаныс және жұмылдыру бөлімшесінің бастығы, 2012-2018 жылдар аралығында БҚО Қаратөбе, Зеленов аудандарында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарған. Отбасылы.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz