Полиция қызметкері боламын десеңіз

Аудандық полиция бөлімі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2016 жылдың 31 тамызындағы №870 бұйрығына сәйкес бос мемлекеттік лауазымдарын толықтыру туралы конкурс өткізуде.

Конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар туралы айтсақ, оған Заңда белгіленген талаптарға сәйкес еліміздің азаматтары қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының азаматы, жасы 18-ге толған, әскери қызметтік есебінен шығарылған, денсаулығы жарамды және дене шынықтыру дайындығы бар, бойы 170 см.-ден кем емес болуы керек. Соның ішінде Атырау облысы аумағында тұрғылықты тұратын, қалалық, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерде есепте тұрған және саптық қызметке жарамды болып танылғандар қатардағы және кіші басшы құрамдағы лауазымдарға жасы 35 жасқа дейін болуы шарт. Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен және орта білімі бар, білімі жоғары, заңгерлік білімі бар, сонымен қатар, спорттық, жауынгерлік күрес және атыс түрлерінен спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер, спорттық біліктілік разряды бар конкурс қатысушыларына баса назар аударылатын болады.

Есте ұстайтын бір ерекшілік, полиция қызметкерлеріне тегін медициналық қызмет көрсетіледі, лайықты зейнетақымен қамтамасыз етіледі, зейнеткерлікке ерте шығады, тұрақты жалақы төленеді, қызметтік пәтер қамтамасыз етіледі немесе пәтер жалдауға қаржы төленеді, жыл сайынғы еңбек демалысына 45 күн беріледі (Қазақстан Республикасы ішінде басқа қалаға баратын жол күні қосылады). Аудандық полиция бөліміне қызметке кіремін деушілер Аққыстау ауылы, Е.Қазақстан көшесі №9 үй мекен-жайы және 8702-360-27-50 телефоны бойынша хабарласуларына болады.

Жәнібек ҮМБЕТҚАЛИЕВ, АПБ ЖТИТ инспекторы,

полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521