«Әр тұрғын сезінуі тиіс». Аудан активінде Жолдау талқыланды

Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолданған алғашқы Жолдауы аптаның алғашқы күні «Жалын» мәдениет үйіне бас қосқан аудан активінің мәжілісі күн тәртібінің өзегі болды.

Жиынды ашқан аудан әкімі Марат Мурзиев қыркүйектің 2-сінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Жолдауын жария еткеніне тоқталды.

 

–Президент алғашқы Жолдауында Үкімет пен халықтың өзара бірлікте, тұтастықта болуы тиістігі туралы мәселені көтерді. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына тікелей қатысты негізгі 5 мәселені алға тартты. Айта кету керек, бұл басымдықтар бағытында жұмыстар жүргізілуде. Алайда, Жолдауда осы үдеріске тың серпін беріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру қажеттігі көзделді,-деген аудан басшысы аталған бес бағыт бойынша сөзін саралай сабақтап, жергілікті жергілікті жерлердегі оның орындалысын тиісінше орынбасарлары мен бөлімдер басшыларына, ауыл әкімдеріне тапсырды.

 jansih

jol4

-Мемлекет басшысы: «Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс. Мен мемлекеттік органдардан жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап етемін» деді. Бұл барлық билік органдарының, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың басты ұстанымы болуы тиіс,-деген ол баяндамасының соңында жиынға қатысушыларды Жолдауда жүктелген міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

 jolsony

 

Актив мәжілісінде сондай-ақ аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Жансих Маштахов, «Мерей» ісмерлер клубы лидері Орынгүл Шонтыбаева, мәдениет қызметкері Салауат Меңдіғазиев және Өркен орта мектебінің мұғалімі Жанна Аманбаева жарыссөзге қатысып, Президент Жолдауынан алған әсерлері мен ой-толғамдарын жиналғандармен бөлісті.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521