Рейд жүрді. Аққыстаудағы лицей құрылысы қашан аяқталады?

Аққыстау ауылында салынып жатқан 320 орындық көпсалалы лицей құрылысымен танысу үшін арнайы рейд жүргізілді.

lis-red

- Құны 1 миллиард 700 миллион теңге шамасындағы сомаға «ДанСтройБаза ЛТД» құрылыс компаниясы салып жатқан болашақ білім орталығының құрылысы 2020 жылдың мамыр айында аяқталмақ. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары қарқынмен жүргізіліп жатқан лицейге қарасты шеберхана, жатақхана және оқу корпусы ғимараттарына жылу, жарық қосылған. Жуық арада бұл жұмыстар толығымен аяқталады. Бәрі де жоспарға сай жүргізілуде, - деген құрылыс прорабы Медет Жайжанов барлық құрылыс техникалық бақылау және стандарттау жөніндегі талаптарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. Ал, комиссия мүшелері болса барлық ғимаратты аралап, құрылыс қарқынымен танысып, қажетті материалдардың қай жақтан жеткізіліп жатқанына назар аударды. Ол сауалға құрылыс материалдарының 85 пайызы жергілікті кәсіпкерлер өндірген материалдар деп сендірген өндіріс прорабы Медет Жайжанов аталған құрылыстың уақытылы әрі сапалы ақталатынына сендірді.

reld-nur

Айта кетейік, аталған рейд «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілген болатын.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521