bannerqaz

Тұрғындарға кеңес берді

Тұщықұдық ауылдық округінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әділет кеңес береді» тақырыбында акция өтті.

Аталған шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақтолқын Ахметжанова, аудандық Әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Едіге Досқалиев, халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Индира Дүсіпқалиева, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның аудан бойынша өкілі Гаухар Исмагулова қатысты.

Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамның ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті қалыптастыру, қоғам мен билік арасында байланыс алаңын кеңейту, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру мақсатында өткен шарада ауыл тұрғындарына арнайы құқықтық көмектер, қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер берілді. Айту керек, осыған дейін бұл акция аудандағы ХҚКО-да және «Нұр Отан» аудандық филиалының мәжіліс залында ғана өтіп келген болатын. Ендігі уақытта округтерде өткізіліп, жалғасын табатын болады.

Анаргүл Құсайынова

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz