bannerqaz

«Теңіз» кенішінің 22 қызметкері ауруханаға түсті

Атырау облысында «Теңіз» кенішінің 22 қызметкері астан уланып қалған.

Zakon.kz сайтында жария болған ақпаратқа сүйенсек, 16 қыркүйек күні 17:30-да қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жиырмадан аса адамның ішек инфекциясын жұқтырғаны жайлы ақпарат келіп түскен. Анықталғандай, инфекция жұқтырғандардың барлығы "Теңіз" кенішінің қызметкерлері болып шығыпты. 22 адамның барлығы Құлсары қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Олардың барлығының басы айналып, қызуы көтерілген.

Қызметкерлердің "Болашақ" кафесінен тамақтанғаны анықталып, қазір сарапшылар өз жұмыстарына кірісіп кетті. Нәтижесінде 21 адам ауруханаға түскен. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр. Денсаулық сақтау департаменті қазір жағдайдың бақылауда екенін айтады.

С.БЕРІКБАЙ.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz