bannerqaz

Текке тұрған трансформатор тоттана бастады

Бірталай жыл болды, Жанбай ауылының ішіне жаңадан тас соқалары тұрғызылып, электр желілері тартылды, трансформатор да қойылды.

Бірақ, сол күйінде қалды, әлгі трансформатор қар, жаңбыр суымен тоттанып, шіри бастады. Оған да көзіміз үйреніп кеткені сонша, трансформаторлар қашан іске қосылады, қашан желі бойымен ток жүреді екен деп ойлауды да қойдық қазір, тіпті, ұмыта бастағандаймыз.

Күтімсіздіктің кебін киіп тұрған көше жарығының бұрыннан да оңып тұрғаны шамалы. Бір сөніп қалса, біраз уақыт солай тұрғаны. Жарқыратып бастайды, жабырқатып қояды.

Апыр-ай дейсің, бәрін бастап-тастайтын болғанда, қыруар ақша шығарып не керегі бар еді? Жаның ашиды, бейне туа салып дертке ұшыраған сәби сияқты көрінеді.

Мұстажап АЯШҰЛЫ,

Жанбай ауылы

Жарнама

strakhovaniya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қаңтар 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz