bannerqaz

Теміржол арқылы қатынау жеңілдеді

Өткен апта айшықты оқиғаларға толы болды. Ауданымызда бірнеше нысандар пайдалануға беріліп, халықтың несібесі үшін қолға алынған құрылыстар ел игілігіне берілді.

Атап айтқанда, көптен күткен Аққыстау ауылындағы теміржол арқылы халықтың еркін жүріп-тұруына арналған көпір құрылысы бітіп, лентасы қиылды. Қауіпсіздік шаралары бо-йынша теміржолды қиып өтуге тұрғындарға қатаң тыйым салынғанын бәрі біледі. Десе де, Аққыстаудан Өркен ауылына айналма жолмен бару жаяу адамға қашықтау болғандықтан жаяу тұрғындар, әсіресе балалар салынған тыйымға қарамастан теміржол арқылы өтіп жүрген еді.

Ерсілі-қарсылы жолаушы және жүк пойыздары жиі қатынап жүретіндіктен, талай рет жиылыстарда мәселе болып көтеріліп жүрген осы шаруаға нүкте қойылды. Жоба бойынша құрылысы 2017 жылдың маусым айында басталып, барлығы 125 миллион 811 мың теңгеге салынған аталмыш көпірдің ашылу шарасына аудан әкімінің орынбасары Е.Әбілқасымов пен кәсіпорын-мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты. Нысанның бас мердігері «Ерасыл құрылыс КZ» ЖШС директорының орынбасары М.Оспанов пен ауыл ақсақалы С.Шайхиев жаңа көпірдің лентасын қиып, құттықтау лебізін білдірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Суретті түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz