bannerqaz

Тендер жеңімпаздары анықталды. Жол құрылысы бастала ма?

Бүгін Парламент Сенатының Атырау облысынан сайланған депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Тұщықұдық ауылдық мәдениет үйінде аудан халқымен кездесті.

Оның айтуынша, жалпы ұзындығы 277 шақырым, ұзын-сонар әңгімеге арқау болған, жылдар бойы өңір халқының бас ауруы айналған халықаралық деңгейдегі тас жолдың Котяев-8 разъезд бағытындағы 60 шақырымдық бөлігіне былтыр тендер өткізіліп, жеңімпаз анықталып, бүгінде ол бөлікте түрік компаниясы жол құрылысын қызу жүргізуде. Ал, қалған 217 шақырым жол бөлігіне де тендер биыл өткізіліп, қаржыландырушы халықаралық қаржы институты Лондон қаласында қазіргі кезде тендерге қатысушы компаниялардың техникалық және қаржылық әлеуетін тексеріп жатыр екен. Дегенмен, соңғы ақпараты бойынша 4 лоттың екеуінің жеңімпазы тексерістен сәтті өтіп, енді келісім-шарт жасалмақ. - Яғни, жоғарыда баян еткеніміздей, барлығы 277 шақырым жолдың 200 шақырымдық бөлігінің жеңімпазы анықталып отыр. Қалған 77 шақырым бөлік жеңімпаздары тиісті тексеруден өтіп жатыр. Осылайша, 2021 жылы толық аяқталуы тиіс тас жолдың құрылысы өз деңгейінде уақытылы жүргізіліп бітеді деп толық сеніммен айта аламыз, - деді Сенат депутаты.

Сонымен бірге депутат берген мәліметке сәйкес Атырау қаласынан Исатай ауданына дейінгі жолды халықаралық стандартқа сәйкес 4 жолақты етіп салу мәселесі күн тәртібінде тұрған көрінеді. Жалпы, депутаттың сөзінше, соңғы кездері Атырау-Орал бағытына теміржол салу жөнінде де ұсыныс енгізіліп, бүгінде ол мәселе Үкімет тарапынан қолдау тапқан.

Депутатпен болған жиын барысында мінбеге көтеріліп, өңірдің кезек күттірмейтін мәселелерін қозғағандар көп болды.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz